Мойынқұм таңы

Аудан әкімі тұрғындарды қабылдады

0 4

Өткен аптада аудан әкімдігінің ғимаратында аудан әкімі Карентаев Ермек Амангелдіұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Қоғамдық қабылдауға алдын ала жазылған тұрғындар келіп, өздерін толғандырған мәселелерін еркін форматта жеткізді.

Қабылдау барысында аудан тұр­ғындары негізінен тұрғын үй мәселесі, әлеуметтік көмек алу тәртібі, жер телімдеріне қатысты сұрақтар, елді мекендердегі ауыз су мәселесі, сондай-ақ жол жөндеуге байланысты өтініштерін көтерді. Әрбір сауал заң талаптарына сәйкес жан-жақты қаралып, түсініктемелер мен нақты шешу жолдары түсіндірілді.

Аудан әкімі көтерілген әр мәселе бойынша жауапты бөлім басшыларына, ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалу барысы тікелей жеке бақылауында болатынын атап өтті. Бұл тұрғындармен ашық диалог орнатудың, мәселелерді жедел шешудің және жергілікті атқарушы орган жұмысының тиімділігін арттырудың маңызды тетігі болып отыр.

Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Әлібек Нұрадинов, ауыл әкімдері және тиісті бөлім басшылары қатысып, өз құзыреті аясында түсініктемелер берді. Мұндай жүйелі қабылдаулар аудан тұр­ғындарының өзекті мәселелерін дер кезінде анықтап, оларды шешу жолдарын нақтылауға мүмкіндік береді.