Мойынқұм таңы

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

0 8

Қазақстан Республикасының Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысына қатысты.

Саммитке Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Ресей Федерациясының Пре­зиденті Владимир Путин, Тәжікстан Рес­пуб­ликасының Президенті Эмомали Рахмон қатысты.

Мемлекеттер басшылары Ұйымға мү­ше елдердің ұжымдық қауіпсіздігін қам­­тамасыз етудің өзекті мәселелерін қа­рас­тырып, биылғы ҰҚШҰ жұмысының не­­гізгі бағыттарын қорытындылады. Сон­дай-ақ алдағы кезеңге арналған басым­дықтарды анықтады.

Президенттер ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымындағы қызметін аяқтап жатқан Иманғали Тасмағамбетовке алғыс айтты.

Жиын барысында 2026 жылғы 1 қаң­тардан бастап ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметіне үш жыл мерзімге Қырғыз Респуб­ликасының өкілі Таалатбек Масадыковты тағайындау туралы шешім бекітілді.

Отырыс қорытындысы бойынша Ұжым­­дық қауіпсіздік кеңесінің декла­ра­циясы қабылданды. Сондай-ақ Ұйымға мүше мемлекеттердің мүддесіне сай ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жан-жақты жетілдіруге бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылды.

Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәсе­лелері жөнінде пікір алмасты.

Аkorda.kz.