Мойынқұм таңы

Энергетика саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

0 7

Энергетика саласы – көзге көрінбейтін, бірақ ел тіршілігі үшін аса маңызды сала. Осы орайда аудан әкімінің орынбасары Әлібек Нұрадинов энергетика саласында табанды еңбек етіп жүрген азаматтарды қабылдап, кәсіби мерекелеріне орай марапаттады.

Салтанатты қабылдау барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және «Желтоқсанның үшінші жексенбісі – Энергетик күні» кәсіби мерекесіне орай бірқатар сала мамандары «Мойынқұм ауданына–60 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Атап айтқанда, аудандық электр жүйесінің басқарушысы Акимов Нұргелді Шакизатұлы, бас инженері Оспанов Серік Сайлауұлы, әуе желілері шебері Ысқақов Қуанышбек Абдрахманұлы көпжылдық адал еңбегі үшін жоғары марапатқа ие болды .

Сондай-ақ, кәсіби міндетін абыроймен атқарып жүрген бірқатар мамандар аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Бұл марапатқа аудандық электр жүйесінің электромонтері Оразов Асқар Ордабайұлы, орталық диспетчерлік электромонтері Күнту Ұлан Қанатұлы, сондай-ақ 110/35/6 «Сайлаубек» қосалқы станциясының электромонтері Серікбаев Ержан Серікбайұлы ие болды .
Бұдан бөлек, салаға қосқан үлесі мен жауапты еңбегі үшін Әбзиева Зияш Көшкінбайқызы мен Бекназар Мақсатұлы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды .

Қабылдау барысында аудан әкімінің орынбасары энергетик мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың күн-түн демей атқаратын еңбегі тұрғындардың тыныштығы мен өңірдің тұрақты дамуы үшін аса маңызды екенін атап өтті. Жарық бар жерде – өмір бар. Ал сол жарықты қамтамасыз етіп жүрген жандар әрдайым құрметке лайық.