Аудан әкімі Ермек Карентаев Қылышбай ауылдық округі және Мирный ауылына сайланған жаңа әкімдерді ұжым мен тұрғындарға ресми түрде таныстырды.
Аудан басшысы іссапарын алдымен Мирный ауылынан бастап, аталған ауылдың әкімі болып тағайындалған Оспанқұлова Айжан Елжанқызын жаңа қызметімен құттықтады. Кездесу барысында жаңа әкім Мирный ауылының тұрғындарына таныстырылып, алдағы жұмыс бағыттары сөз болды.
Бұдан кейін аудан әкімі Қылышбай ауылына барып, Исабеков Ардақ Омарұлын Қылышбай ауылдық округінің әкімі ретінде жергілікті халыққа таныстырды. Кездесуде ауылдың өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланды.
Жиын барысында Ермек Карентаев жаңа әкімдерге жауапты қызметтеріне сәттілік тілеп, алдағы уақытта Қылышбай және Мирный ауылдарының әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жоспарларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, инфрақұрылымды дамыту және халықпен тығыз байланыста жұмыс істеу қажеттігін ерекше атап өтті.