Ауданымызда 2025 жылғы күзгі мерзімді әскерге шақыру науқанының қорытындысы шығарылып, 2026 жылғы көктемгі әскерге шақыруға дайындық барысы қаралды.
Кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл, ауылдық округ әкімдері, тиісті мекеме басшылары қатысты.
Кеңесте күн тәртібіндегі күзгі шақыру науқанының нәтижелері, бірқатар ауылдық округтерде орын алған кемшіліктер және 2026 жылғы көктемгі әскерге шақыруды толық әрі сапалы өткізу мәселелері нақты талқыланды.
Аудан әкімі Ермек Карентаевтың төрағалығымен өткен жиында облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының орынбасары Е.Әмірханов қатысып, облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының әскери міндет және азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Ж.Асанбаев, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Қ.Симтиков пен аудан әкімінің орынбасары, әскерге шақыру комиссиясының төрағасы М.Төлеулиев баяндама жасады.
Жиын барысында әрбір ауыл әкімінің жауапкершілігі атап өтіліп, көктемгі науқан бойынша берілген тапсырмалардың толық орындалуы қатаң бақылауда болатыны ескертілді.Бұл — тәртіп, жауапкершілік және мемлекет алдындағы міндет.