Мойынқұм таңы

Жаңа Конституция жобасы сөз болды

0 14

Аудан әкімі Ермек Карентаевтың төрағалығымен ҚР жаңа Консти­туция­сының жобасын түсіндіру мақса­тында аудандық мәслихат депутаттарымен кездесу өтті. Кездесу барысында Мем­лекет басшысы бастамашы болған конституциялық реформалардың не­гізгі бағыттары, басқару жүйесіндегі өз­герістер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған нормалар кеңінен түсін­дірілді.

Аудан әкімі Ермек Амангелдіұлы жаңа Конституция жобасының ел дамуы мен демократиялық қағидаттарды нығай­тудағы маңызын атап өтіп, мәслихат депутаттарының жергілікті деңгейде халыққа түсіндіру жұмыстарындағы рө­ліне тоқталды.

Кездесу ашық әрі мазмұнды фор­матта өтіп, тараптар конституциялық реформаларды қолдап, алдағы уақытта түсіндіру жұмыстарын бірлесе жүргізуге дайын екендіктерін жеткізді.