Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 11 ақпандағы №1170 Жарлығымен 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум өткізу тағайындалуына орай, облыстық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен Тараз қаласы мен аудандарда ағымдағы жылғы 24 ақпан — 5 наурыз күндері аралығында аумақтық және учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинар өткізілуде. Бұл – аумақтық және учаскелік референдум комиссиялары мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларына бағытталған оқыту-семинары.
Аталған оқыту –семинары аудандық мәдениет үйінің мәжіліс залында өтті. Оқыту-семинарына облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері, Мойынқұм аудандық аумақтық референдум комиссия мүшелері, учаскелік референдум комиссияларының мүшелері, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық прокуратура өкілі, аудан әкімі аппаратының қаржы шаруашылық бөлімшесінің мамандары және аудандық полиция бөлімінің өкілі, аудан әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, аумақтық сайлау комиссиялары жанынан құрылған жас сайлаушылар клубтарының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Оқыту-семинары – Республикалық референдум туралы заңнамадағы жаңашылдықтар туралы, сайлау заңнамасының негіздерін және оны сайлау процесінде қолдану практикасын түсіндіру және референдумды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттерінің деңгейін арттыруды көздеді.
Оқыту-семинарын облыстық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Жамалов ашып, қатысушыларды семинардың бағдарламасымен таныстырды.
Оқыту-семинарының жоспарына сәйкес, облыстық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Салқанұлы республикалық референдум ұғымының негізгі аспектілері туралы тоқталып, дәріс оқыды. Сонымен қатар, облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері саяси науқанды әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі жұмыстар мен дауыс беру күні жөнінде дәрістер оқыды.
Оқыту барысында учаскелік референдум комиссияларының мүшелері дәріскерлерге сайлау науқанында орын алатын жағдайлар бойынша бір қатар сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды. Сонымен қатар, оқыту-семинарда учаскелік референдум комиссиялары мүшелерімен кейстік тапсырмалар талқыланды.
Учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінен оқытудың қорытындысы бойынша сынақ алынып, сертификаттар табыс етілді.