Мойынқұм таңы

Ардагерге құрмет – ұрпаққа өнеге

0 10

«AMANAT» партиясы аудандық филиалының бастамасымен 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелері аясында еңбек ардагері Қостанай Исабеков атамызға құрмет көрсетіп, мерекелік құттықтау ұйымдастырды. Іс-шара барысында партия атынан арнайы құттықтау хат пен азық-түлік себеті табысталды.

Атамызды құттықтауға аудандық ар­дагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Оразымбетов, аудандық газеттің бас редакторы Есет Досалы және Мойынқұм ауылдық округінің әкімі Рүстем Тұрарқұл қатысып, ардагерге ізгі тілектерін жеткізді.

Кездесу барысында Қостанай ата өмір жолынан сыр шертіп, ел үшін атқарған қызметі жайлы әңгімеледі. Ол соғыстан кейін қайта жасақталған әскер қатарында үш жыл бойы Астрахан қаласында әскери борышын өтеген. Радиотехникалық бө­лімшені басқарып, сол кезеңде «Морзе» әліппесін жетік меңгергенін айтты. Ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында қызмет еткен ардагер өз өміріндегі қиындықтарды еске алып, кейінгі ұрпаққа бейбіт өмір тілейтінін жеткізді.

Қария көрсетілген құрметке шынайы ризашылығын білдіріп, елдің амандығы мен бірлігі үшін ақ батасын берді.

Ардагерлерге құрмет көрсету – кейінгі буынның азаматтық парызы. Себебі елдің бүгіні мен болашағы үшін аянбай еңбек еткен аға буынның өнегелі жолы – жастарға әрдайым үлгі.