Мойынқұм таңы

Мойынқұм ауданында Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық мәселелері талқыланды

0 69

Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Амангелдіұлы Карентаевтың төрағалығымен 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық мәселелері бойынша аудандық үйлестіру тобының отырысы өтті.

Жиын барысында сайлау науқанын ұйымдастыру жұмыстарының барысы, сайлау учаскелерінің дайындық деңгейі, ақпараттық-түсіндіру іс-шараларының жүргізілуі, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, заңдылықтың сақталуы және жауапты мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл мәселелері жан-жақты қаралды.

Сонымен қатар сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, тұрғындарды жан-жақты ақпараттандыру жұмыстарын күшейту, сайлау күні қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау, байланыс және коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын ұйымдастыру бағытындағы міндеттер нақтыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге сайлауға дайындық жұмыстарын бекітілген жоспарға сәйкес сапалы әрі уақытылы орындау, барлық ұйымдастырушылық мәселелерді үйлестіру және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Аудан әкімі сайлау науқанын заң талаптарына сәйкес жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізудің маңыздылығын атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстар аудан көлемінде тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.