Мойынқұм таңы

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

0 10

Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында аудан әкімінің орынбасары М. Тулеулиев Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік, заңға құрмет және қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Заңға құрмет – тәртіптің бастауы, тәртіпті қоғам – тұрақты мемлекеттің кепілі!