Мойынқұм ауданында ауыл шаруашылығы саласы жылды бірқатар оң нәтижемен қорытындылауда. Өндіріс көлемі өсіп, мал басы көбейген, негізгі капиталға тартылған инвестиция жоспардан екі еседен асып түсті. Сонымен қатар су ресурстарын тиімді пайдалану, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және өнім өндіру жоспарын орындау бағытындағы жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды облыстық Знамя труда газеті.
Мойынқұм ауданының ауыл шаруашылығы саласында биылғы жылдың он айында өндірілген өнім көлемі 6 млрд теңгеден асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Жамбыл облысы әкімінің 2026 жылғы 5 қазандағы №118 өкімімен бекітілген нысаналы индикаторларға сәйкес, екінші тоқсанда ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемі белгіленген көрсеткіштің 101,4 пайызын құрады.