Аудан орталығындағы балалар шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен балалар мен жасөспірімдердің қазақ ертегілерін оқуға, қызығушылығын арттыруға, халық шығармашылығының құндылықтарын отбасында сақтап, адамгершілік тәрбие, қазақ әдебиетін оқумен айналысатын білім алушыларды қолдау мақсатында «Қазақ ертегілері» атты аудандық сурет байқауы өтті. Оған ауданымыздағы мектептерден 32 оқушы қатысты.
Нәтижесінде «Жас суретшілер» номинациясы бойынша жоғарғы топтан Балалар шығармашылық орталығының оқушысы Шұғыла Тоқатай, Аяла Оңланбай бас жүлдені жеңіп алса, орта топтан бас жүлдені М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің оқушылары Нұрайым Өмірхан, Назгүл Байтан иеленді. Кіші топтан бас жүлде Өнер және қосымша білім беру мектебінің оқушысы Асылжан Қоңыратбайға бұйырды.
Жетекшілері Жазира Сейітжанова, Айғаным Таштаева, Шолпан Тәңкібаева, Жанар Қоңыратбаевалардың еңбегі зор.
Байқаудан бас жүлде алған оқушылар марапатталып, облысқа жолдама алды.
Ал «Қазақ ертегілері» атты сурет байқауының облыстық кезеңінен Шұғыла Тоқатай 1-орын, Аяла Оңланбай, Нұрайым Өмірхан, Назгүл Байтан, Асылжан Қоңыратбайлар 3-орынға ие болды.
Жүлдемен оралған оқушыларды жеңістерімен құттықтай отырып, оқуда озат болып, бұдан да биік белестерді бағындыра берулеріңе тілектеспін!
Ақпарат
- Бельгийские студенты проявили интерес к проекту «Читающая нация»
- Бельгиялық студенттер «Кітап оқитын ұлт» жобасына қызығушылық танытты
- РИНАТА СҰЛТАНОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒАШҚЫ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ ӘКЕЛДІ
- АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ҚАЗАҚСТАНҒА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ АЛТЫНЫН ӘКЕЛДІ
- ҮШІНШІ АЛТЫН! ЖОЛАМАН БИГАБЫЛ КАРАТЭДЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
- 8:0 — СОФЬЯ БЕРУЛЬЦЕВА ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНА ТӨРТІНШІ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ САЛДЫ
- Білім, спорт, геология және ауыл медицинасы: жаңғыру бағытындағы нақты қадамдар
- Образование, спорт, геология и сельская медицина: конкретные шаги к обновлению
- ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ТАБИҒАТҚА ЖАНАШЫРЛЫҚ ПЕН ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
- ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ЗАБОТА О ПРИРОДЕ И ОБЩАЯ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ
Алдыңғы жазба
Келесі жазба