8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде «Арулар – асыл жандар» атты мерекелік салтанатты жиын өтті. Мәдениет үйінің қызметкерлері Ерлан Айтқабыл мен Қажымұрат Әбдіқадыров салтанатты кешті байыпты жүргізді.
Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзі аудан әкімі Әлихан Балқыбековке берілді.
— Халқымыз қыз баланы айрықша ардақтап, оларды инабаттылыққа және иман жүзділікке тәрбиелеген. Сондай-ақ, әйел затына аса қамқорлықпен қараудың халықтық қағидаларын қалыптастырған. Өйткені, олар сұлулықтың, мейірімділіктің, ақылдылықтың нұрын дарыта білген. Ата-баба дәстүрін көзінің қарашығындай сақтаған нәзік жандардың ізгілікті істері қай кезде болмасын қоғам дамуының қарқынына үлкен үлес қосуда.
Қымбатты, ардақты аналар, қаракөз қарындастар! Бүгінгідей әсемдік пен сұлулық мерекесі күні сіздерге және жанұяларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін! Мейірімге толы жүректеріңіз бақытқа, қуаныш пен шаттыққа кенеле берсін, — деп ақжарма тілегін жеткізді.
Құттықтаудан соң бірқатар қыз-келіншектерді облыс әкімінің, аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен, «Ауданға сіңірген еңбегі үшін», «Айтбай Назарбековке — 100 жыл» төсбелгілерімен марапаттады.
Келесі кезекте аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов атаулы мерекемен құттықтап, ауданымыздың бірқатар азаматшаларына Мойынқұм ауданынының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыстады.
Салтанатты жиын мерекелік концерттік іс-шарамен жалғасын тапты. Айша Мумеева жетекшілік ететін Мойынқұм ауылынан құралған «Ақ әжелер» ансамблінің орындауындағы «Ана туралы жыр», Ақжан Мамбеталиевтің «Мамау» әні, Нұрым мен Нұрайдың «Анажаным» әнінен кейін сахналық қойылым қойылды. Аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Мойынқұм» халық театрының режиссеры Ерлан Айтқабылдың «Ана – бәйтерегі өмірдің» атты мюзиклында ән де, көңіл көтерер оқиғалар тізбегі де болды.
Қойылымнан кейін Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі Еркебұлан Дүзелбай жетекшілік ететін, аталған мектептің оқушыларынан құралған хор «Ана» әнімен мерекелік іс-шараның шымылдығын жапты.
Ақпарат
- Президент подписал указ о развитии цифровой экономики
- ЕМТИХАН ТАПСЫРЫП, ЖҰМЫС ТАП
- Сельское хозяйство Мойынкумского района демонстрирует рост: инвестиции превысили план более чем в два раза
- Мойынқұм ауданында ауыл шаруашылығының көлемі артып, инвестиция жоспары екі еседен асты
- Школа, обучающая предпринимательству
- В Таразе состоялся форум отцов
- Ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетменшігіне қайтару жұмыстары жалғасуда
- ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
- ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ЖАҢА ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗЕКТІ МІНДЕТТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ
- МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНДА «ҚЫС-2026» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ШАРАЛАРЫ ӨТТІ
Алдыңғы жазба
Келесі жазба