Мойынқұм таңы

Ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі өтті

0 39

Өткен аптада аудан орталығындағы «Абылай хан» атындағы орталық алаңда ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі мен осы тақырыпта семинар өтті. Оған аудан әкімі Әлихан Балқыбеков арнайы қатысып, көрмедегі техникалар, тыңайтқыш заттар мен ауыл шаруашылығында жаңадан қолданылып жүрген дақылдармен танысып, өз пікірін білдірді.

Атап айтқанда қазіргі заман талабына сай жабдықталған BelAgroTech, Dongfeng, YTO, Zoomlion, Lovol маркалы тракторлары мен ауыл шаруашылығында қолданылатын агрегаттары және «Baydala agro», «АБН Технологии», «АгроХимЛидер» компанияларының өнімдері көрмеге қойылды.

YTO ауылшаруашылық тракторлары туралы «Агротехменеджмент» ЖШС ресми өкілі Ернұр Нұржігітов, жаңбырлатып-тамшылатып суару технологиялары туралы «АБН Технологии» компаниясының директоры Әділжан Нұғманов, минералды тыңайтқыштар туралы «BAYDALA» ЖШС өкілі Асқар Қомаев, Zoomlion ауылшаруашылық тракторлары туралы «Қыран Агро» ЖШС ресми өкілі Мұрат Қадышев, Dongfeng ауылшаруашылық тракторлары туралы «KAZKIOTI» ЖШС ресми өкілі Әли Амангелдіұлы, «АгроМашХолдинг» акционерлік қоғамы, Жамбыл облыстық филиалынын директоры, Ловол, Есиль, Дойц Фар, Кировец брэндтерінің ресми өкілі Нұрсұлтан Қабдолдинов, BelAgroTech ауылшаруашылық тракторлары туралы «Беларусь АгроТехника» ЖШС ресми өкілі Әмір Несіпбергеновтер өздерінің ұсыныстары мен лизингтік бағдарламаларын кеңінен таныстырып өтті.

Семианар соңында аудан әкімі Әлихан Әбіләшұлы компания өкілдерін Алғыс хатпен марапаттап, «Байбарақ Агро», «Күшаман Агро», «Алмат-2023» ауылшаруашылық кооперативтеріне және Биназар ауылының тұрғыны Еркебек Ошақбаевқа тракторлардың кілттері және қосалқы техникаларын тапсырды.