Мойынқұм таңы

«Көше ойындары – 2024» спорттық жарысы өтті

0 40

Осы аптада аудан орталығындағы Б.Момышұлы атындағы орталық стадионда «Біз діни экстремизмге қарсымыз!» атты ұранмен «Көше ойындары-2024» аудандық жарыс өтті. Жарысқа Шығанақ, Ақсүйек, Мирный, Хантау, Биназар, Бірлік, Айдарлы, Көкжелек, Күшаман, Қарабөгет, Жамбыл, Мойынқұм ауылдарынан 16-21 жас аралығындағы спортшылар қатысты. Жарыс гер көтеру, сритворкаут, арқан тарту, стритбол сияқты спорт түрлерінен өтті.

Жарысты аудан әкімдігі спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Мерей Қалдыбеков ашып, бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Темірхан Жұмағұлов спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте шығанақтықтар бірінші, бірліктіктер екінші, қарабө­геттіктер үшінші орындарды иеленді. Жарыс соңында жеңімпаз командалар, спортшылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.