Еліміздің батыс аймағында еріген қар суынан өзендер арнасынан асып, Атырау облысы, Жылой ауданының Құлсары қаласын су басты деген жайсыз хабар тарағанына да біраз күндер болды.
Осы суық хабар тарағалы ауданымыздың белсенді азаматтары жайбарақат отырмай, көмек қолын созудың әрекетін бастап кетті. Қашан да белсенділік танытып жүретін ауданымыздың кәсіпкері Бәкен Бейсебаев бұл жолы да халықты бірлікке шақырып, Мойынқұмнан Құлсарыға қолдау қорын жинай бастады.
Аудан орталығының батысында орналасқан бұрынғы «ПМК-2006»-ның бос тұрған ғимаратынан азық-түлік, киім-кешек, көрпе-төсек тағы да басқа заттар жинақтау орны ашылды.
Бір аптаның ішінде біршама заттай және ақшалай 8 миллионнан аса қаржы жиналды. Осы іс-шара басталғанына 2-3 күн өткенде ауылымыздың азаматы, жеке кәсіпкер Ерлан Ибраев өзінің тарапынан «Камаз» автокөлігін тіркемесімен ұсынып, Құлсарыға жиналған заттарды апарып беруге дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар Қылышбай ауылының тұрғындары Бауыржан Жұмағұлов, Бексұлтан Елеубек, Көсембек Аталық, Мойынқұм ауылының тұрғындары Айдар Смағұлов, Мейрамбай Өтебай, Медет Жақсылықбайлар өздерінің «Газель» автокөліктерін ұсынды. Сонымен жол шығыны, алыс жолға қолайлылықты ескере отырып, «Газельдер» баратын болып таңдалды. Көмек қолын созып келген Ерлан Ибраевтан қолын қайтарғаным үшін кешірім сұраймын,- дейді Бәкен Тұрарқұлұлы.
Игі істің басы қасында жүрген азаматтарымызды қолдаған ел қарасы көп болды. Аудан көлеміндегі ауылдардың бәрі заттай, ақшалай қор жинап, аудан орталығына жеткізіп берді. Гуманитарлық көмек қорының алғашқы легі Шығанақ, Бірлік, Ақсүйек, Мыңарал ауылдарынан жеткізіле бастады.
Өткен аптаның сенбісінде заттай жиналған гуманитарлық көмектерді 2 автокөлікке тиеп, тағы 2 «Газель» автокөлігін жиналған қаражат есебінен Тараз қаласынан толтырамыз деп, аудан орталығының ақсақалдар алқасының төрағасы Мұқанбетқұл Сабыров, белсенді кәсіпкер Бәкен Бейсебаевтар бастаған, жоғарыда аталған «Газель» жүргізушілерінен құралған топ Құлсарыға жолға шықты. Аудан орталығынан ауыл ақсақалы Расул Ақжолов ақсақал батасын беріп, аудандық мәслихаттың депутаты Қанат Көшербаев ақ жол, сәтті сапар тілеп, бір топ мойынқұмдықтар болып шығарып салдық. Қазіргі таңда азаматтарымыз жолда, Қызылорда қаласынан асты. Діттеген жерге жету үшін әлі де 1000 шақырымнан аса жол бар. Бәкен ағамен телефон арқылы байланысып, жағдайларын біліп отырмыз. Жолдағы жағдайлар туралы қосымша жазайықшы дейді, халықтың кең пейіліне көңілі тоқ Бәкен аға. Жолдарыңыз ақ болсын, Алланың қалауымен аман-есен барып келсеңіздер сіздермен жақсы бір сұхбат жүргізуге өзіміз де асықпыз.
Ақпарат
- Атқарылған жұмыс та, алдағы жоспар да ауқымды
- Әлеуметтік жобалардың орындалу барысы депутаттар назарында
- Бюджетке өзгеріс енгізілді
- Касым-Жомарт Токаев и Антониу Кошта выступили с совместным заявлением
- Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта бірлескен мәлімдеме жасады
- По словам Антониу Кошты, партнерство Европейского Союза и Казахстана приносит конкретные результаты
- Антониу Кошта Еуропа Одағы мен Қазақстанның серіктестігі нақты нәтиже беріп отырғанына назар аударды
- Европейский Союз и Казахстан: Превращая общие вызовы в общие возможности
- Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді
- Телеканалы «Qazaqstan» и «Qazsport» покажут бой Жанибека Алимханулы в прямом эфире
Алдыңғы жазба
Келесі жазба