Мойынқұм таңы

Сайлау– халықтың тікелей еркін таңдауы

0 57

Осы аптада аудандық мәдениет үйінде Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында сайлау процесін ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбында оқыту-семинар кеңесі өтті.

Оны Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов ашып, жүргізіп отырды. Семинар жұмысына ауда­нымыздағы учаскелік сайлау комиссияларына жаңадан сайланған, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты. Семинарда алғашқы баяндаманы «Сайлау құқығының принциптері және сайлау жүйелерінің негізгі аспектілері туралы» тақырыбында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов жасады. Содан соң «Сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру, олардың мәртебесі және өкілеттіктері туралы» тақырыбында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Әбілқайыр Боранбаев, «Сайлаушылар тізімін қалыптастыру тәртібі, тізімге енгізу, таныстыру және сайлау округтері мен учаскелерін құру жүйесі туралы» тақырыбында Мойынқұм аудандық аумақтық комиссиясының төрағасы Сержан Садуақасов, «Қазақстан Республикасындағы байқаушылардың қызметін қамтамасыз ету, сайлау алдындағы үгіт, сайлау науқандарын ақпараттық сүйемелдеу туралы» тақырыбында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Мейіржан Сембеков, «Дауыс беру тәртібі және дауыс беру қорытындыларын анықтау туралы» тақырыбы бойынша Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Жамалов, «Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдау туралы» тақырыбында «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының инженерлік-техникалық орталығы» РМК Жамбыл облысы бойынша өкілі Арын Асқарбеков, «Сайлауды мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыру туралы» тақырыбында Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының мүшесі, ЖАО бас есепшісі Зоя Медетова, «Сайлау бостандығының кепілдіктері және сайлау заңнамасындағы құқықтық жауапкершілік туралы» тақырыбында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Еркін Жапаров, «Кәсіби қарым-қатынаста тиімді коммуникацияларды құру әдістері, Стресс-менеджмент» тақырыбы бойынша «Тұлға» психологиялық кеңес беру және тренинг жүргізу орталығының төрайымы Зейнеп Дәуренова баяндама жасады. Оқу семинарының жос­парына сәйкес №319 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Данияр Кенжебаевтың басшылығымен «Дауыс беру күні» іскерлік ойыны ұйымдастырылды. Сондай-ақ заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару бойынша магистр Алмас Аппазовтың жетекшілігімен учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған тестілеу өткізілді.
Семинар барысында баяндамашыларға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.

Семинар тренинг соңында оған қатысушыларға Серғали Айдапкелов сертификаттар тапсырды.