Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бекіткен «Таза Қазақстан» атты 5 апталық республикалық экологиялық акциясын өткізу туралы тапсырмасына сәйкес «Жасыл аймақ» тақырыбы аясында өтетін іс-шаралар кестесіне сәйкес Мойынқұм ауылдық округіндегі Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып оқушылары мектеп ауласындағы, саябақтағы ағаштардың түбіне әктеу жұмыстарын жүргізіп, жаңадан ағаш көшеттерін отырғызды.
Аталған акция ауданымыздағы ауылдық округтерде де жалғасын тапты. Атап айтқанда, Ұланбел ауылында ескерткіштер шаңнан тазаланып, лактау жұмыстары жүргізілді. Ал Бірлік ауылындағы «Көктерек аллеясы» мен «Биназар баба» ескерткіші жанына ауыл ардагерлері мен әжелері «Атадан мал қалғанша, тал қалсын!» атты акция аясында 20 ағаш көшеттерін отырғызды.