Жуырда аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәбит Төлегеновтің төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында әскерге шақыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңеске аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Төлеулиев, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұркелді Қазақбайұлы, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс бөлімше бастығы, ефрейтор Нұрсұлтан Усербаев, ауыл, ауылдық округ әкімдері мен әскери есеп мамандары қатысты. Күн тәртібінде «2024 жылғы әскерге шақыру барысы туралы» мәселесі қаралып, ол бойынша Нұрсұлтан Усербаев баяндады.
–Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 1 ақпандағы №443 Жарлығына, Мойынқұм ауданы әкімінің 2023 жылдың 9 ақпандағы №40 қаулысына, Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 16 ақпанындағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» № 561 Заңының 17, 27, 28, 30, 31 баптарына сәйкес Мойынқұм ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде 2024 жылдың көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны жүргізілуде. Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінен келіп түскен 2024 жылғы көктемгі мерзімді әскерге шақыру бойынша ҚР ШҚ, ҚР ҚК жасағы – 42. Жалпы Мойынқұм ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бойынша бүгінгі таңға 18 әскерге шақырылушы мерзімді әскери қызметке жіберілді. Мойынқұм ауданы бойынша ауыл, кент округтерінің әкімдерімен учаскелік полиция қызметкерлері бірлесіп берілген тапсырманы орындалуына өз тарапыңыздан ықпал етуіңізді сұраймын, — деді ол.
Сондай-ақ жиналыс барысында аудан әкімінің орынбасары М.Төлеулиев аудандағы саяси ахуал мәселесі мен 2024 жылға мерзімді баспасөзге жазылым туралы сөз қозғады.
Қаралған мәселелер бойынша тиісті сала басшылары мен ауыл, ауылдық округ әкімдеріне аталған жұмыстарды қолға алып, орындалуы үшін нақты тапсырмалар беріп, нәтижелі қорытынды шығаруды тапсырды.