Мойынқұм таңы

Ұлы жеңіс күні

0 73

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні еліміздің барлық өңірінде жыл сайын аталып өтуде. Бұл мереке әр отбасына ыстық. Өйткені соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді. Әр отбасында соғысқа қатысып, жеңіспен оралған немесе ерлікпен қаза тапқан және оралмаған ата-әжелер бар. Қаншама адам тылда еңбек етті. Сұрапыл соғыста жеңіске жету жолында миллиондаған адамның өмірі қиылды, сондықтан адамзат сұрапыл соғыстың құрбандарын жақсы біледі.

Осы мерекеге орай аудандық Жазылбек Қуанышбаев атындағы музейінде М.Жұмабаев атындағы мектеп — лицейінің 9 «а», «ә» сынып оқушылары мен жетекшілері Гульзария Сәрсенбаева, Радмила Маханбетовамен бірге «Ұлы Жеңіске – 79 жыл» атты дөңгелек үстел, басындағы пікерлесу өтті. Мектеп оқушылары хормен «Катюша» әнін жырлап, бір-бірімен жарыса дайындап келген жүрек тебірентер өлең жолдарын оқуға асықты.

Кеш жүргізушілері «Жеңіс күні» жайлы барлық тарихи деректерге тоқталып, тереңірек түсіндірді. Оқушылар өздерінің ардагерлерге деген құрметтерін баяндап, қолдарына Қазақстан жалаушасын желбіретіп, ерекше көрініс көрсетті. Музейге қойылған «Ардагерлерге тағзым» атты көрмемен танысып, экскурсия жасалды.
Музей директоры Ләйлә Қожагелдиева сынып жетекшілеріне шығармашылық табыс, оқушыларға сәттілік тіледі.