Мойынқұм таңы

Сәт сапар саған, жас түлек!

0 27

Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында «Мектебім саған мың алғыс!» атты соңғы қоңырау салтанаты жоғары деңгейде өтті. Мектеп ғимаратының алды әсем безендірілген. Мерекенің қадірменді қонақтары аудандық мәслихат төрағасы  Нұртас  Сау      рықов,   ата-аналар комитетінің төрағасы  Қанат Көшербаев,   аудандық білім бөлімінің әдіскері Қаламқас  Көшербаева және мектебіміздің ардагер ұстазы  Ләззат Шормантаевалар оқу жылының аяқталуымен ұстаздар мен  бітіруші түлектерді  құттықтап, жас түлектерге  ақ жол тіледі.

Аталмыш іс-шарада  Н.Саурықов  мектеп ұстаздары Ғ.Әлім,  С.Ниязов, А.Оразалиева  және  мектеп-гимназия ұжымын Құрмет грамоталарымен марапаттап, мерекемен құттықтады. Сондай-ақ  бітіруші түлектер өздерінің өлеңдерін айтып, соңғы мектеп вальсін биледі. Биыл мектепті 43 түлек аяқтап, оның ішінде 3 оқушы Алтын белгіге, 4 оқушы үздік аттестатқа үміткер болса, Ұлттық бірыңғай тестіге 42 оқушы қатысуда.

Мектеп-гимназия директоры Жаңыл Әшірімбетова биылғы оқу жылында оқушылардың және ұстаздардың жетістіктерін атап өтіп, ұстаздар мен ата-аналардың еңбегіне алғыс айтып, түлектерге жарқын болашақ тіледі.