Мойынқұм таңы

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жақсы көрсеткіштер көрсетуде

0 29

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәбит Төлегенов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді.
Брифинг барысында Мойынқұм өңірінде биыл атқарылған жұмыстар туралы
баяндама жасады.

«2024 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысымен Мойынқұм ауданының бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсет­кіштерінде оң динамика қалыптасты. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі: 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында 30,1 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 102,8 %-ға орындалды. Есепті кезеңде 637,0 тонна алтын, 198,0 кг күміс, 470 тонна цемент, 34 млн. тонна әктас, 83,6 мың тонна барит рудасы мен концентраты, 367 мың текше метр гранит, 52 тонна балық өндірілді.

Негізгі капиталға салынған инвес­тициялар көлемі биылғы жылдың қаңтар-мамыр айларында 7,1 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 115,7 %-ға орындалды.
Инвестиция көлемі жыл қорытын­дысымен шамамен 30 млрд. теңгені құрайды, НКИ 102,5 %-ға орындалатын болады деп күтілуде.

Құрылыс жұмыстарының көлемі: 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында 8,8 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,7 %-ға орындалды. Құрылыс жұмыстары көлемінің жылдық болжамы 29,6 млрд. теңгені құрап, НКИ 124,5 %-ға орындалатын болады деп күтілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін 2136 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға кешенді жоспар берілген. Қаңтар-сәуір айларының қорытын­дысымен 845 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды немесе 39,5 %-ды құрап отыр. Әлеуметтік жұмыс орнына 62 адамға, жастар практикасына 30 жасқа, ақылы қоғамдық жұмысқа 396 адамға жолдама берілді. 182 жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 24 жұмыссыз мүмкіндігі шектелу азаматтар болып табылады.

Аудан бойынша ағымдағы жылға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке 118,7 млн. теңге бөлініп, қантар-сәуір айларында 52 отбасының 288 мүшесіне 7,6 млн. теңге мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып төленді.
2024 жылдың сәуір айына аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,2 пайызды құрап отыр.

Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір ай­ларында ауданда барлығы 39 қылмыс (2023 жылы 34 қылмыс) орын алды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5 қылмысқа немесе 14,7 пайызға көбейген. Себебі, ауыр санаттағы 6 қылмыс тіркеліп, оның ішінен 1 дерек ашылмауына байланысты тоқтатылған, соның салдарынан қылмыстың өсуіне әкеп соққан, Қылмыстардың ашылуы 87,2 пайызды құрап отыр. 2024 жылдың 4 ай қорытындысы бойынша ұрлық дерегімен 3 қылмыс (2023 ж-10) тіркелген. Тір­келген ұрлық қылмыстарының өткен жылдар санатындағы 3 ұрлық қылмысы ашылып, өндірістен аяқталған. АПБ жалпы мал ұрлығына қатысты 5 дерек тіркелген, оның 4-уі өткен жылы орын алған, алайда жәбірленуші тарап ағымдағы жылы арыздануына байланысты, қылмыстар санының өсуіне соқтырып отыр. Оның ішінде 3 дерегі ашылып, 3 дерегі өндірістен аяқталған-деді Сәбит Орынбетұлы.

Брифинг соңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәбит Төлегенов бұқаралық ақапарт құралдары өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.