Мойынқұм таңы

Ақ халатты абзал жандар марапатталды

0 24

Аудандық мәдениет үйінде медицина қызметкерлері күніне орай «Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы» атты салтанатты жиын өтті.

Жиынның ашылуында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәбит Төлегенов «Бұл күн өз өмірі мен қызметін адам денсаулығынан жоғары қойып, бар саналы ғұмырын халықтың денсаулығын сауықтыруға арнаған азаматтардың мерекесі. Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген.
Бүгінгі таңда мемлекет денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлуде. Көптеген заманауи емдеу орындарының салынуы, білікті мамандарды даярлауға бөлінетін грант санының көбеюі, осы сала қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетілуі — соның айқын дәлелі»-дей келе бейбіт күннің батыры атанған ақ халатты абзал жандарды төл мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ ауданның әлеуметтік — экономикалық дамуына, оның ішінде денсаулық сақтау саласын жетілдіруге қосқан еселі еңбектері үшін, зейнеткер, еңбек ардагері, жұқпалы аурулар дәрігері Ляззат Тлешева, тәжірибелі медбикелер Ақмарал Ташмағанбетова, Әйгерім Мұқашеваларға «Мойынқұм ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерін, «Балбөбек» бөбекжай бақшасының медбикесі Халима Ақылбекова «Айтбай Назарбековтің» төсбелгісін табыс етті. Ал Айзат Нұрмайылова, Назира Бекболатова, Айнұр Гузарова, Бибісара Қуандықова, Ләйлә Байбосыноваларға Құрмет грамотасын, Елеукүл Айдынбекова, Ербол Алпысбайұлы, Жұлдыз Шәкенова, Камила Тілеужанова, Рәткүл Тойбаевалар Алғыс хатына ие болды.

Бұдан кейін Мойынқұм аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының төрағасы Манарбек Көшкімбаев медицина қызметкерлерінің халықтың денсаулығы үшін жасаған жанкешті еңбектеріне алғысын білдіріп, бірқатар ме­дицина қызметкерлері күні кәсіби мерекесіне орай сала мамандарына Мойынқұм аудандық мәслихатының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыс етті. Атап айтқанда, Ләззат Алимова, Бағлан Жүнісбеков, Рахима Сабырова, Алтын Айымбетова, Гүлмира Төреш, Мөлдір Санақова Мойынқұм ауданының Құрмет грамотасымен, Алтынай Бейсенбекова, Ләззат Сәттібекова, Ләззат Күшікбасова, Рая Мамытжанова, Шынарай Мәлімбековалар Мойынқұм ауданының Алғыс хатымен марапатталды.

Салтанатты шара барысында зейнетке шыққалы отырған жандар мен аурухана бөлімдері мен жергілікті жерлердегі медицина қызметкерлеріне аурухана бас дәрігерінің Алғыс хаты тапсырылды.

Жиында сөз алған аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Тұрсынкүл Рыстанбаева ізгі тілегін білдіріп, Ақмарал Сабырханға, Қарашаш Үйрекбаева, Гүлзат Шыныбекова, Рахат Оржанова, Гүлнәр Сәбитова, Назерке Құдайбергенова, Ләйлә Мәжитке бас дәрігердің Құрмет грамотасын, Ганди Ахметжанова, Гүлмира Ұзақова, Балжан Сатыбалдиева, Ләззат Шөпшекбаева, Гаухар Нұржанова, Қаламқас Төлеулиеваларға бас дәрігердің Алғыс хатын табыс етті.

Сондай-ақ зейнет жасына жеткен балалар бөлімінің медбикесі – Ләйлә Байбосынова, Биназар ауылының Биназар фельдшерлік акушерлік пунктінің медбикесі Рахима Сабырова, оташы бөлімінің кіші қызметкері – Гүлмира Оспановалар да марапатталды.

Жиын соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік ән шашуларына ұласты.