Мойынқұм таңы

Маңызды мәселелер қаралды

0 30

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәбит Төлегеновтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары Ержан Әмірханов, Мейірхан Төлеулиев, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұргелді Қазақбайұлы және аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.

Жиынның күн тәртібінде ауыз-су мәселесі туралы аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Талғат Үсенбаев баяндады: «2023 жылдың қорытындысымен ауданымызда 24 елді мекеннің (28674 халық) 20 елді мекені (79,2%) немесе 25948 халық (90,5%) орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген. Оның ішінде: 6 елді мекенде 24 сағат, 13 елді мекенде 4-12 сағат аралығында ауыз су беріледі» дей келе, Талғат Кәдірханұлы аудан тұрғындарының ауыз су төлемін жүргізу барысына тоқталды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ағымдағы жылғы көктемгі әскерге шақыру жұмыстарының барысы туралы аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы Ерболат Әділбаев, баспасөз басылымдарына жазылу жұмыстарының орындалуы жөнінде аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ардақ Алимов, орындаушылық тәртіп бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Нұргелді Қазақбайұлының баяндамалары тыңдалып, кеңеске қатысушыларға қаралған мәселелер төңірегінде нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, әр ауылдық округ әкімдері әлеуметтік желіге тұрақты ақпарат салып отыруы, көлік-салығы, «Мейірім» жобасының орындалуы және әртүрлі мәселелер қаралды.

Кеңес отырысын қорытындылаған аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәбит Орынбетұлы ауыл, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.