Мойынқұм таңы

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кездесу өтті

0 34

Өткен аптада «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Әйелдер қанатының кеңесшісі, облыстық мәслихат депутаты Айман Серікқызы Әшімова ауданда болып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2,5%-бен жеңілдетілген несие алып, өз кәсіптерін ашқан әйелдер мен аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының әйел төрайымдарымен кездесу өткізді. Кездесу бары­сында Мойынқұм аудандық Әйелдер қанатының үйлестірушісі етіп ұсынылған «Орталық» БПҰ төрайымы Шубаева Ғалия Бейсебайқызын бекітті.

Іссапар бағдарламасына сәйкес «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Әйелдер қанатының кеңесшісі А.С.Әшімова Биназар ауылдық округінде болып, «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша 2,5% несие алған Маншеева Ботагөздің шағын наубайханасының жұмысымен танысты. Кәсіпкер кейбір қиындық туғызатын мәселелер туралы айтып, алдағы жоспарларын жеткізді. А.С.Әшімова кәсіпті дөңгелетіп, дамыту жолындағы өз тәжірибесімен бөлісіп, еңбегіне сәттілік, толағай табыстар тіледі.

Аудан әкімдігінің өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ә.Әбдіразақов бірге болып, кәсіпкерлікті қолдау бағытында аудан әкімдігі тарапынан тиісті шаралар жүргізілетінін жеткізді.