Мойынқұм таңы

Аудандық «Бәйге» интеллектуалдық зияткерлік сайысы өтті

0 24

Өткен аптада мемлекеттік қызметшілер күніне орай қазақтың ұлы ғұламасы, ақын Абай Құнанбайұлының «Толық адам» концепциясы негізінде аудандық кітапханада жастардың танымдық қабілетін арттырып, интеллектуалды ойынға қызығушылықтарын оятып, білім деңгейлерін көтеру мақсатында аудандық деңгейде «Бәйге» ұйымдастырылды. Білімділік пен шапшаңдықты талап ететін кіл жүйріктердің додасын аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ жоғары деңгейде өткізді.

Интеллектуалды сайыстың салтанатты ашылуында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Төлеулиев қатысушыларға сәттілік тіледі.

-Бұл интеллектуалды сайыс ауданымызды жаңа бағытпен өркен­дету жолына септігін тигізуде. Жастардың арасында зияткер буын қалыптастыру, жастардың бос уақытын, тиімді пайдалануға мүмкіндіктер жасауда. Қазір елімізде зияткер жастарды қалыптастыру үдерісі қарқын алуда. Жастардың сапалы білім алып, спортпен, өнермен шұғылданып еліміздің дамуына өз үлестерін қосуы – біз үшін ерекше маңызды. Алдағы кезде де зияткерлік сайыстар ұйымдастыруға қолдау көрсетуге дайынбыз,- деді аудан әкімінің орынбасары.

Білімді жастардың басын қосқан сайысқа аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Төлеулиев, «Жастар ресурстық орталығы» ақпарат бөлімінің басшысы Жұлдыз Қуанышова, «Мойынқұм – Мүбәрак» қорының жетекшісі Жомарт Мырзабай қатысып, әділқазылық жасады.

Сайыс 5 кезең бойынша өтті. Қатысушылар салт-дәстүр, өнер және жалпылама сұрақтар бойынша сынға түсті. Білім жарысына 6 топ қатысты.
Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша үшінші орынды «Болашақ» командасы иеленді. Ал екінші орынға «Сұңқар» командасы тұрақтады. Бірінші орын «Жастар» командасына бұйырды. Барлық командаларға арнайы Алғыс хат пен заттай бағалы сыйлықтар табысталды.