Мойынқұм таңы

Мереке иелері марапатталды

0 33

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Мемлекеттік қызметкерлер, Қазақстан полициясы, Судья және сот қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті. Жиынға тиісті бөлім, мекеме басшылары мен аудан әкімдігі аппаратының, аудандық полиция бөлімі мен аудандық соттың қызметкерлері қатысты.

Жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәбит Төлегенов ашып, мемлекеттік қызметшілер мен полиция және сот қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.  Қабылдауда мемлекеттік қызметтегі көп жылдық еңбегі үшін аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Лаура Қазақбаева облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Мойынқұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айнұр Жұмабекова облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Ал аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің басшысы Ерсайын Шады, аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Диас Қоспан, Қызылтал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Арман Ермектің ата-аналарына қызметтік міндеттерін үздік орындаған балаларына үлгілі тәлім-тәрбие бергені үшін облыс әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.

Ал Жамбыл ауылдық округінің әкімі Ақсана Қалыбаева «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісіне ие болса, аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Фарида Оңланбекова кәсіподақ төрағасының Құрмет грамотасымен, ал аудан әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің басшысы Нұрзия Атаева Алғыс хатымен марапатталды. Аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Күлфатима Биғабылова, Қарабөгет ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мүсірәлі Момбеков «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» медалін иеленді. Бұдан кейін бірқатар мемлекеттік қызметкерлерге аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты тапсырылды. Жиын барысында Ішкі істер органдарындағы жемісті еңбегі үшін және 23 маусым – Қазақстан Полициясы күніне орай аудандық полиция бөлімінің Криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі Ербол Дүйсен облыс әкімінің Алғыс хатымен, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде көп жылғы еңбегі үшін Ішкі істер органдарының зейнеткері Серікбай Қосалиев «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі Талғат Әбдірашов, аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің тергеушісі Ғани Қиқымбаевтарға аудан әкімінің Құрмет грамотасы табыс етілді.

Сот жүйесіндегі жемісті еңбегі үшін және 24 маусым – Судья және сот қызметкері күні аудандық соттың сот әкімшісінің бас маман-сот отырысының хатшысы Әмина Мейрамалиева мен аудандық соттың сот әкімшісінің аға сот приставы Бауыржан Кемелбекке аудан әкімінің Құрмет грамоталары табыс етілді.

Содан соң аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов жиналғандарды айтулы мере­кемен құттықтап, кәсібіне адалдық танытқан бірқатар азаматтарды және тәртіп сақшыларын аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапаттады.