Мойынқұм таңы

Абаттандыру – ауылдың ажарын ашады

0 22

Өткен аптада аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Әмірханов аудан орталығын аудан әкімі аппаратының басшысы Нұркелді Қазақбайұлы мен Мойынқұм ауылдық округінің әкімі Рүстем Тұрарқұлмен бірге аралап, ауыл іші тазалығы мен абаттандыруға байланысты тиісті жауапты қызметкерлерге бірқатар ұсыныстар мен нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, ауыл сыртындағы Шу өзені бойындағы көпірдің қоршауларын сырлау, ауыл ішіндегі қураған талдарды кесу, түстері өңген қоршаулар мен ақпараттық тақтайшаларды қайта қалпына кел­тіру және ауыл ішін абаттандыру жұмыстарын жүргізуге күш салу керектігіне баса назар аударды.

Сонымен қатар аудандық өрт сөндіру бөлімінің жанындағы ескі су жинау орнын жаңартып, өрт сөндіруге арналған су қорын молайту үшін қажетті шараларды іске асыру туралы ауылдық округ әкімі Рүстем Тұрарқұлға арнайы тапсырма берді.
Сондай-ақ ауылдың Қ.Рысқұлбеков көшесі бойындағы қос қабатты үй тұрғындарымен тілдесіп, олардың сұ­рауы бойынша тұрғын үй сыртын абаттандыру үшін арнайы техникамен қамтуға көмек беретінін жеткізді.