Шұғылалы көктемнің көркем мейрамы қарсаңында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Манарбек Көшкімбаев, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Мади Күнту және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі Мойынқұм ауылының тұрғындары, «Алтын алқа» иегерлері, ақ жаулықты батыр аналар, 9 бала тәрбиелеп, 24 немере, 16 шөбере сүйіп отырған Сөкен Қариева мен 10 баласынан 49 немере 20 шөбере сүйіп отырған Алмагүл Шуылдақовалардың үйінде болып, мерекелерімен құттықтап, сый-сияпат жасады. Сондай-ақ төңірегіне шырай беріп, ұрпақтарына үлгі болып отырған апалардың мерекеден-мерекеге, аман-есен жете берулеріне тілектес екендерін айтып, ел үшін сіңірген еңбегі үшін алғыстарын жеткізді. Өз кезегінде ол кісілер де аналық ризашылықтарын айтып, ақ баталарын берді.
Өмірге он бала әкеліп, немере-шөберелерінің қызығын көріп отырған әжелердің ұрпақтары бүгінде өңірдің сан саласында абыройлы қызмет етуде.
Ақпарат
- Бес ауыл аналарының шаттығы
- Астанадан үлкен әсермен оралдық
- Жастар таңдауы – Жаңа Конституцияның берік негізі
- Тоқаев: Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи еңбегін ұмытпауымыз керек
- Референдум – халық таңдауы: жаңа Конституция ел болашағын айқындайды
- 12 мың ұсыныс – халық үні: Жаңа Конституция Қазақстанның болашақ дамуының берік тұғыры
- Референдум: жаңа конституциялық үлгіге көшу – саяси жүйені жаңғыртудың маңызды қадамы
- Референдумда дауыс беру учаскесін ЖСН арқылы білуге болады
- Референдумда дауыс беру — азаматтық міндетіміз
- Әрбір дауыс маңызды
Алдыңғы жазба
Келесі жазба