Мойынқұм таңы

Аппараттық кеңесте басты мәселелер қаралды

0 18

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ермек Карентаевтің төрағалығымен аппараттық кеңестің отырысы өтті. Оған аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов, аудан әкімінің орынбасарлары Әлібек Нурадинов, Мейірхан Төлеулиев, аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілі қатысты.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды төгуге арналған полигондарды заңдастыру жұ­мыстарының барысы мен жылыту маусымы туралы аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық ша­руа­шылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сәбит Донбаев іс-шаралар жоспарына сәйкес 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына барлық білім, денсаулық, әлеуметтік-мәдениет нысандарына 14860 тонна көмір мен 392 тонна дизель отынымен қамтамасыз ету жоспарланғанын баян­даса, көктемгі әскерге шақыру жұ­мыстарының орындалу барысы туралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының орынбасары Нұрбақыт Егізбековтің және аудандық білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаевтің, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Несіпбаеваның баяндамалары тың­­далды. Мойын­құм ақпараттық медиа орталығының 6 айда атқарған жұмыстары туралы орталық директоры Айдос Қосыбаев аудан әкімдігінің инстаграм парақшасының статистикалық мәліметтеріне сәйкес соңғы 90 күнде 392,0 мың қаралым жинап, барлығы 45 740 аккаунтты ауқымға алып, жалпы 2024 жылдың 12 айымен салыстырғанда 2025 жылдың 4 айында +152,7% көрсеткішке қол жеткізгенін, аудан тұрғындарының ақпаратқа қолжетімділігін толық қамтамасыз етіп, қоғамдық пікір қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынына кеңінен тоқталды.

Көктемгі санитарлық тазалық және аумақтарды абаттандыру айлығының өту барысын зерделеу қорытындысы туралы аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Мейірхан Жайлау зерделеу барысында Ұланбел, Сарыөзек, Қарабөгет, Құмөзек, Қылышбай, Мойынқұм, Күшаман, А.Назарбеков, Көкжелек, Бірлік, Хантау, Қияқты, Мирный, Мыңарал, Шығанақ және Ақсүйек ауылдарының аумағынан кездейсоқ күл-қоқыстардың шашылуы анықталғанын айтты.

Аппараттық кеңесті қорытындылаған ау­дан басшысы Ермек Амангелдіұлы қаралған мәселелер бойынша орынбасарлары мен бөлім басшыларға, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.