Мойынқұм таңы

Әрбір мәселе жіті бақылауда болады

0 23

Осы аптада аудан басшысы Ермек Карентаев бірқатар ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесу жиынын өткізді.

Алғашқы кездесу Бірлік ауылдық округінің тұрғындарымен өтті. Жиында тұрғындарды мазалайтын интернет желісін жақсарту, ауылдағы Қ.Рысқұлбеков мектебінің жөндеу жұмыстарының нәтижесі, мал санағы бойынша, ауылдың маңындағы аялдамалар сынды өтініштер айтылды.
Келесі кезекте Биназар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу жиынын өткізді.

Мұнда тұрғындарды мазалайтын ауылдағы кіші футбол алаңшасының жағдайы, трансформатор қойып беру, ауылдағы электр желісін жөндеу маманы, жол бойындағы ауылшаруашылық жануарларының жүруі, жер телімдерін бөлу, медициналық пункт пен ауыз су мәселелері айтылды. Кезекті кездесу Кеңес ауылдық округінде өтті. Жиын барысында тұрғындар тарапынан ауыл ішіндегі көпір, АЭС-тен ауданға түсетін пайда, ауыз су, ауылшаруашылық саласын субсидиялау, егін су, су тоғаны, мәдениет саласы бойынша, көмір бағасы басқа да өтініштер айтылды.

Келесі күні аудан әкімі Ермек Карентаев Қызылтал ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуден бастады.

Қызылталдықтар ауылдағы ауыз су мәселесі, көшелерге жарық шамдарын орнату, спортпен шұғылданатын орынмен қамтамасыз ету және клуб салу сынды сауалдар қойды.

Келесі кездесу Күшаман ауылының тұр­ғындарымен өтті. Жиында тұрғындарды мазалайтын егін шаруашылығындағы қиын­дықтар, спортпен шұғылданатын орынмен қамтамасыз ету және клуб салу сынды басқа да өтініштер айтылды.
Кездесулерде аудан әкімі Ермек Амангелдіұлы ауылдарда айтылған мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тапсырма беріп, белгіленген уақытта нақты жауап болуын талап етті.

Сондай-ақ, аудан әкімі іссапар барысында ауылдардағы білім беру мекемелерінің және ауыз су имараттарының жағдайы, медициналық пункттердің жай-күйі мен мекемелердің қыс мезгіліне дайындық барысын тексерді.