Мойынқұм таңы

Ашық есік күні өтті

0 23

Жақында аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен аудандық Мәдениет үйінің бірінші қабатында Ашық есік күні маңызды қоғамдық іс-шарасы өтті.Шараның негізгі мақсаты – аудан тұрғындарын жеке сұрақтары мен өтініштері бойынша қабылдап, оларды шешу жолдарын талқылау және тиісті кеңестер беру болды.

Ашық есік күніне қатысқан прокуратура өкілдері тұрғындардың заңды құқықтарын қорғау жөнінде құ­қықтық кеңес берсе, аудан әкімдігінің жер қа­тынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы, білім және экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдері жер мәселелері, әлеуметтік жәрдем­ақылар, жұмысқа орналастыру, ха­лықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту бағытындағы сұрақтарды, ауыл­шаруа­шылық саласындағы мемлекеттік бағ­дарламалар туралы, білім саласындағы жәнеауданның эконо­микалық дамуы, бюджеттік жоспарлау туралы сұрақ­тарға жауап берді.

Сондай-ақ Мансап орталығы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері ту­ралы кеңес берсе, аудан әкімі ап­паратының мемлекеттік құқықтық бөлімшесі аудандық деңгейдегі құқық­тық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ал аудандық полиция бөлімі құқық қорғау және қоғамдық тәртіп мәселелері бойынша, Жастар ресурстық орталығы жастарды қолдау, олардың бастамаларын іске асыру бойынша, аудандық орталық аурухана денсаулық сақтау саласындағы қызметтер туралы ақпараттар берді.

Іс-шараға аудан тұрғындары бел­сене қатысып, өздерін толғандырған мәселелерін тиісті мекеме өкілдеріне тікелей жеткізу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ тұрғындар заңдық кеңестер және мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік қолдау тетіктері туралы мағлұматтармен танысты.

Ашық есік күні тұрғындардың әлеуметтік белсенділігін арттырып, мемлекеттік органдар мен халық арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.