Осы аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында кезекті кеңейтілген аппараттық кеңес өткізілді. Аппараттық кеңес аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәбит Төлегеновтің төрағалығымен өтті.
Аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары және мекеме басшылары қатысқан жиынның күн тәртібінде «Мамыр айында өтетін мерекелік іс-шаралар туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыстарының барысы туралы», «2024 жылға көктемгі әскерге шақыру жұмыстарының барысы туралы», «2024 жылғы мал санағы жұмыстарының жүргізілу барысы туралы» мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Несіпбаева 1 мамырдан бастап еліміз бойынша зардап шеккен өңірлерге практикалық көмек көрсетуге арналған «Береке – бірлікте» жалпы республикалық акциясын іске қосу қажет. Акция аясында ұлттық компаниялар, ірі ұйымдар мен бизнес-құрылымдар арасында «бір компания – кемінде бір әлеуметтік объект» қағидасымен су басқан аймақтардағы әлеуметтік маңызды объектілерді қалпына келтіруге бағытталған әлеуметтік челлендж жариялау ұсынылады. Алайда елді мекендердің алаңдары мен көшелерін алдағы мерекелеудің идеялық мазмұнын ескере отырып, мерекелік безендіру қамтамасыз етілетін болады, -деп баяндады.
Келесі мәселе бойынша аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Самат Тынышбековке сөз берілді.
-Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Мойынқұм аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыннына тіркелген халық саны (прикрепленные по РПН) 25 433 адам болса, оның ішінде: сақтандырылмаған азаматтар саны 4 413-ті құрап отыр. Оның ішінде 950 азамат басқа қала, аудан, облыста медициналық мекемелерде тіркеліп сақтандырылмағаны анықталды.
Бүгінгі таңға бөлім тарапынан аудан бойынша сақтандырылмаған халықтың әл-ауқатының деңгейіне талдау жұмыстарын жүргізіп, әр ауыл, ауылдық округ кескінінде сақтандырылмаған азаматтардың тегі, аты-жөнімен ауылдық округтерге жолданды, -деді бөлім басшысы.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майор Ерболат Әділбаев баяндады.
-Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінен келіп түскен 2024 жылғы көктемгі мерзімді әскерге шақыру бойынша ҚР ШҚ, ҚР ҚК жасағы- 42. Жалпы Мойынқұм ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бойынша бүгінгі таңға 18 әскерге шақырылушы мерзімді әскери қызметке жіберілді. 2024 жылғы көктемгі мерзімді әскерге шақыруға келіп түскен тапсырысты орындай алмаймыз деген қауіп бар. Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша 27 әскерге шақырылушы әскер қатарына кету керек еді. Біздің қазіргі таңға жібергеніміз 18 адам. Бұл өзімізге мәлім болғандай әр округ өздеріне бөлінген тапсырыстарын орындамағаннан орын алған жағдай, — деді майор.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қуандық Төлеубековке сөз берілді.
«Ұлттық ауыл шаруашылық санағы» жүргізілуінің нәтижесінде Мойынқұм ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының аудандық мәліметі мен аудандық статистика дерекқорының арасында едәуір айырмашылық байқалды. Аудан бойынша ұлттық ауыл шаруашылық санақтың нәтижесінде «МІҚ» мал басы 41 556 болса, статистикалық мәліметке сәйкес, 58 102,0 басты құрап отыр. Айырмашылығы 16 546,0 басқа кем. Дәл осындай ұсақ малдың айырмашылығы 36 898 басқа, жылқы малы 920,0 басқа кем болса, түйе малы 65,0 басқа артып отыр, — деді Қуандық Серікбайұлы.
Жиын соңында аудан әкімінің міндетін атқарушы жоғарыдағы қаралған мәселелер бойынша сала басшылары мен ауылдық округтерінің әкімдеріне бірқатар мәселелерді ретке келтіру үшін нақты тапсырмалар беріп, нәтижесін келесі мәжілісте баяндауды тапсырды.