Мойынқұм таңы

Аудан әкімі азаматтардың өтінішін тыңдады

0 40

Өткен аптада аудан әкімі Ермек Карентаев аудан тұрғындарын жеке өтініш­тері бойынша қабылдады. Азаматтар тұрғын үй, жұмыспен қамту, қаржылай көмек және отандық өнімге қолдау көрсетуді сұрады. Аудан басшысы кейбір азаматтардың өтініштерін сол жерде шешсе, қалған өті­ніштер зерделеніп, жақын күндері нақты жауабы берілетіндігін айтты.

Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірханов, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұркелді Қазақбайұлы қатысты.

Қабылдау нәтижесінде ауыл аза­мат­тарының өтініштері бойынша тиісті лауа­зым иелеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалу мерзімін белгіледі.