Мойынқұм таңы

Аудан әкімі Ермек Карентаевтің 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

0 21

Қымбатты сарбаздар мен сардарлар!
Құрметті мойынқұмдықтар!

Сіздерді барша отандастарымыз үшін мәртебесі биік, орны ерекше, мемлекетіміздің айбынды мерекесі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі болары анық.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылды. Еліміздің шекарасы белгіленіп, қарулы күштеріміз құрылды. Халқымыз «Ер – елінің қорғаны» десе, батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс, күймейсің!» деген сөздері ел намысын өз тағдырынан әрқашан жоғары қойды.

Киелі Мойынқұм өңірі талай батырлар мен оғландардың Отаны болғаны баршаға аян. Бүгінгі мерейлі мерекеде бар өмірін әскери қызметке арнап, өз қызметін мінсіз атқарып жүрген сарбаздарымызға алғысымызды білдіреміз.

Қазірде тәуелсіз еліміздегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтауда, көк аспан түстес байрағымыздың түбінде тұрып шекарамызды күзетіп жүрген айбынды әскерлеріміз жауынгер ұрпақтың ерлік дәстүрін лайықты жалғастырып, Антына адал қызмет атқаруда.

Қазақстан жер жүзіне қашанда бейбітшілікті жақтайтын және жауапкершілігі жоғары мемлекет ретінде танымал. Бүгінгі таңда мемлекетіміз туған жері үшін аянбай еңбек етіп, әскери қызметке бүкіл ғұмырын арнаған отансүйгіш перзенттерін жан-жақты қолдауға айрықша мән беруде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей қолдауы мен қамқорлығының арқасында Қарулы Күштеріміздің ай­бары асып, айбыны асқақтай түсті.

Тәуелсіздігіміз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, хал­қымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! Бейбітшілікті мақсат еткен Тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтата түсетін қуанышты күндер көп болсын!
Қадірменді жерлестер!

Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, отбасы­ларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, елдігімізді нығайту жолын­дағы еңбектеріңізге зор табыстар тілеймін.

Еліміздің айбынын асқақтатар ер азаматтарымыз, сардарлар мен сарбаздар аман болсын!