Аудан әкімі Ермек Карентаев аудан тұрғындарын жеке өтініштері бойынша қабылдады.
Жеке қабылдауға екі азамат өтініш білдірді. Олар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаға және жалғыз басты ана мүмкіндігі шектеулі баласымен баспана сұрады.
Қабылдау нәтижесінде ауыл азаматтарының өтініштері бойынша тиісті лауазым иелеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалу мерзімін белгіледі.