Мойынқұм таңы

Аудан әкімі тұрғындардың өтінішін тыңдады

0 27

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 нау­рыздағы №826 Жарлығына 2024 жылы өзгеріс енгізілуіне байланысты, ауыл әкімдері жарты жылда кемінде бір көшпелі кездесуін ұйымдастыру тапсырылған. Жарлықтың негізгі мақсаты – қоғамды демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілікті арттыру болып табылады.

Аудан әкімі Ермек Карентаев Жамбыл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу жиынын өткізді. Жиын барысында тұрғындарды мазалайтын төмендегі мәселелер қозғалды: балалар алаңын салу, газ жүргізу және балабақшаның қазандығын жаңарту. Аудан басшысы осы аталған мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тапсырма беріп, белгіленген уақытта нақты жауап болуын талап етті. Сондай-ақ, іссапар барысында Ермек Амангелдіұлы аталған ауылда әкімдік ғимаратын, білім беру орталықтарының, кітапхана, мәдениет үйі, медициналық бөлімшенің және орман шаруашылығы мекемесінің қыс мезгіліне дайындық барысын тексерді.