Мойынқұм таңы

Аудан әкімі тұрғындардың өтінішін тыңдады

0 26

Өткен аптада аудан әкімі Ермек Карентаев аудан тұрғындарын жеке өтініштері бойынша қабылдады.Азаматтар шаруақожалықтары шоғырланған аймаққа жол салып беруді, газ құбырын тарту мәселесін қарастыруды, мал ауруына қарсы вакцина шығару үшін сараптамалық анализдер жүргізуді және мал сою пунктін қайта жөндеуді сұрады. Аудан басшысы азаматтардың кейбір өтініштерінің жауабын сол жерде айтып, қалған өтініштер зерделеніп, таяу уақытта нақты жауабы берілетінін айтты.

Қабылдау нәтижесінде ауыл азаматтарының өтініштері бойынша тиісті лауазым иелеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалу мерзімін белгіледі.