Мойынқұм таңы

Аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

0 23

Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ермек Карентаев қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары Ержан Әмірханов, Мейірхан Төлеулиев, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұркелді Қазақбайұлы, аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Талғат Үсембаев, аудан әкімі аппараты кеңсе бөлімшесінің бас инспекторы Лаура Қасымхан, Мойынқұм ауылдық округінің әкімі Рүстем Тұрарқұл, Бірлік ауылдық окугінің әкімі Қуаныш Оспановтар қатысты.

Мойынқұм ауылының тұрғындары Рымкүл Асқарова, Мұханбетқұл Сабыров, Меруерт Сұлтанова, Гүлмира Сарбасова, Сандуғаш Құлымбетова, Айгүл Бердіқожаева, Гүлмира Саутова, Салтанат Бегімсалова, Анар Шоқпаровалар, Бірлік ауылының тұрғыны Иманәлиев Мұратхан, Жамбыл ауылының тұрғыны Майра Оразова қабылдауда болып, ауданның 60 жылдығына арналған іс-шаралар, ауданның тарихы жазылған кітап шығару, Бірлік ауылындағы ауыз су және жайылым мәселесі, Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мекетебіндегі жылу жүйесі жайында, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алу, тұрғын үй мәселесі, қаржылай-материалдық көмек жайында сауалдарын қойды.

Аталған мәселелер бойынша аудан басшысы Ермек Карентаев әр сұранысқа тиісті заң аясында жауап беріп, мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді, сауалдардың орындалу барысын жеке бақылауда ұстайтынын жеткізді.