Жақында аудандық мәслихаттың мәжіліс залында сегізінші шақырылған Мойынқұм аудандық мәслихатының кезектен тыс 27-сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихаттың төрағасы Саурықов Нұртас Ұзақұлы жүргізді.Сессияға аудан әкімі Ермек Карентаев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері, аумақтық сайлау комиссиясының, аудандық қоғамдық кеңестің, ардагерлер кеңесінің төрағалары және БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде Мойынқұм аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №15-2 «2024-2026 жылдарға арналған Мойынқұм ауданының ауыл, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, аудан әкімдігінің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің құрамын құру, аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің құрамына өзгерістер енгізу, аудан әкімдігінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия құру, аудан әкімдігінің жанындағы мемлекеттік тіл саясатын іске асырушы консультативтік кеңесші органын құру, жер телімін немесе жер телімінің жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру, өткізу үшін комиссия құру және жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беруді реттейтін комиссия құру. Қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық кеңесші органның құрамы және аудандық әкімдіктің дербес құрамын құру туралы мәселелер қаралды.
Жиында тиісті бөлім басшыларының хабарламалары тыңдалып, аудандық депутаттардың тарапынан депутаттық сауалдар қойылып, жазбаша мәтінде аудан әкіміне жолданды. Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.