Мойынқұм таңы

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы қаралды

0 18

Осы аптаның сәрсенбісінде аудан әкімдігінде өткен алқа мәжілісінде бір­қатар маңызды мәселелер қаралды.

Аудан әкімінің төрағалығымен өткен жиынның күн тәртібінде 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-эко­номикалық даму қорытындылары, көктемгі екі айлық тазалық жұмыстарының нә­тижесі, қысқы жылыту маусымының қоры­тындысы және орындаушылық тәр­тіптің жай-күйі қаралды.

Алғашқы болып сөз алған аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Еркін Кеншімов бірінші тоқсандағы негізгі әлеуметтік-эко­номикалық көрсеткіштерге тоқталып, аудан экономикасының даму динамикасы мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жөнінде баяндады. Ол ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, инвестиция тар­ту және жұмыссыздық деңгейі бойынша нақты деректер келтіріп, оң өзгерістер мен шешуді қажет ететін мәселелерді атады.

Келесі кезекте, көктемгі екі айлық көріктендіру, абаттандыру және са­нитарлық тазалау жұмыстарының қоры­тындылары талқыланды. Бұл мәселе бойынша Сәбит Донбаев аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жо­лаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы ретінде баяндама жасады. Ол аудан бойынша тазалық жұмыстарының жүргізілу барысы, көгалдандыру, жол бойларын ретке келтіру, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау мен көму жұмыстары жөнінде мәлімет берді.

Сондай-ақ, Сәбит Көбейұлы қысқы жылыту маусымының қорытындыларына тоқталып, жылыту маусымы кезеңінде орын алған мәселелер, оларды шешу жолдары мен алдағы маусымға дайындық бойынша ақпарат ұсынды.

Күн тәртібінің соңғы мәселесі – орындаушылық тәртіптің жай-күйі болды. Бұл жөнінде аудан әкімі аппаратының басшысы Нұркелді Қазақбайұлы баяндама жасап, аудан әкімдігі тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу деңгейі мен мерзімінде орындау мәселесіне тоқталды. Ол кейбір құрылымдық бөлімшелердің жұмысына сын айтып, тәртіп пен жауап­кершілікке баса назар аудару қажеттігін жеткізді.

Мәжіліс соңында аудан әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, жұмыстардың тиімді әрі жүйелі атқарылуын тапсырды.