Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірхановтың төрағалымен аудандық ветеринария, ауыл, су шаруашылығы салаларының қызметкерлері мен ардагерлері және бірқатар фермерлердің басын қосқан жиын өтті.
Жиынға Қазақстан Фермерлік Қауымдастығының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дулат Әбенұлы Сұлтанбеков, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Ұзақұлы Саурықов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Манарбек Өсербекұлы Көшкімбаев қатысты.
Жиында Дулат Әбенұлы фермерлерді, ветеринария, ауыл, су шаруашылығы салаларының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Эльдар Кокушевке, фермер Нұрлан Бұлтбаевқа Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығының үздігі» медалін, аудандық ветеринария бөлімінің ветеринары Зарина Құтыбековаға Жамбыл облысының Құрмет грамотасын, еңбек ардагерлері Орынбасар Отыншиевке, Клара Рашхановаға, Пойзкүл Исабековаға Қазақстан Фермерлерінің қауымдастығының Құрмет грамотасын табыстады.
Содан кейін аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірханов ветеринариялық инспекция басшысы Арыстанбек Шайжановты, ветеринария бөлімінің кадр қызметкері Күлбүбү Нұрбекованы, ветеринар дәрігер Болатбек Серікбаевты, Жамбыл ауылдық округінің ветпункт меңгерушісі Мақсат Ерболовты «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» медалімен, Ұланбел ауылдық округінің ветпункт меңгерушісі Нұрлан Ахметбеков пен Бірлік ауылдық округінің ветпункт меңгерушісі Даурен Баировты Жазылбек Қуанышбаев атындағы медальмен марапаттады.
Сонымен қатар Мойынқұм ауылдық округінің ветфельдшері Оңланбек Сансызбаев, Мойынқұм ауылдық округінің ветпункт меңгерушісі Олжас Рысымбетов, Қызылотау ауылдық округінің ветдәрігері Ануар Сарбасовтар аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, Кеңес, Бірлік, Қызылтал ауылдық округтерінің ветфельдшерлері Нұрбек Тұрарбекті, Берікбол Бекенді, Берікболсын Сүйінбекұлын аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Келесі кезекте аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов құттықтау сөз сөйлеп, еңбек ардагері Қанымкүл Қорысбаеваны, ветеринар дәрігер Қайрат Асатилдаевты, Мойынқұм ауылдық округінің ветфельдшерлері Арман Ибрашев пен Ғалымзат Алыпбаевты Мойынқұм ауданының Құрмет грамотасымен марапаттады.
Содан соң құттықтау сөз сөйлеп, ақжарма тілегін арнаған «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Манарбек Көшкімбаев Ақсүйек ауылдық округінің ветпункт меңгерушісі Бірлік Иманалыны, Қарабөгет ауылдық округінің ветфельдшері Бақдәулет Сапарғалиевты «AMANAT» партиясы аудандық филиалының Алғыс хатымен марапаттады.