Мойынқұм таңы

Ауыл шаруашылық өнімдері саудаланды

0 7

25 қазан — Республика күні ұлттық ме­рекесі қарсаңында аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен дәстүрлі ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сауда-саттық шарасы аудан орталығындағы Абылай хан ала­ңының маңында өтті.

Жәрмеңкеге ауданның 20-ға жуық кәсіпкерлік нысандары мен шаруа қожалық­тары қатысып, өз өнімдерін тұрғын­дарға нарық бағасынан 10-30 пайыз төмен бағада ұсынды.

Сөрелерге сиыр мен қой-ешкі еттері, сүт және балық өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидектердің түр-түрі қойылды. Сонымен қатар шаруалар табиғи шөп өнімдерін де әкеліп, түктелген шөпті 600 теңгеден, ал рулон түріндегі шөпті 4000 теңгеден тұрғындарға ұсынды.

Жәрмеңке барысында ауыл еңбек­керлерінің өнімдеріне сұраныс жоғары болды. Арзандатылған бағадағы сапалы өнімдерді алу үшін таңертеңнен бастап халық көптеп жиналды.

Мұндай игі шаралар ел мерекесіне еңбекпен үлес қосып жүрген ауыл­шаруашылығы саласы өкілдерінің еңбегін насихаттап, тұрғындарды отандық өнімге бет бұруға ынталандыруды көздейді.

Аудан тұрғындары жәрмеңкеден көтеріңкі көңілмен тарқап, ұйымдас­тыру­шыларға ризашылықтарын білдірді.