Аудан әкімі Ермек Карентаев орынбасарларымен, Мойынқұм ауылдық округі әкімімен және тиісті мекеме басшыларымен бірге аудан орталығында орналасқан, ауылдың сәулеттік сәнін бұзып тұрған нысандарды аралап, олардың жағдайын тексерді.
Мақсат – ауданымыздың көркіне нұқсан келтіретін ескірген және жарамсыз ғимараттарды анықтап, оларды қалпына келтіру немесе бұзу шараларын қарастыру. Ауылдың инфрақұрылымын жақсарту және аудан орталығының сәулеттік келбетін жаңарту бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу қажет екендігі атап өтілді.
Аудан әкімі Мойынқұм ауылының көшелерінде орын алған қираған және қауіпті жағдайдағы ғимараттарды тексеріп, жауапты мекеме басшыларымен бірге нақты шараларды талқылады. Бұл – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Мойынқұмның көрікті, таза және қолайлы болуын қамтамасыз ету мақсатында жасалып отырған маңызды қадам екені айтылды.
Аудан әкімінің айтуынша, бұл жұмыстар ауданның эстетикалық жағдайын жақсартуға ғана емес, оның экономикалық даму жолында да маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, қоғамдық орындарды жаңғырту тұрғындардың өмір сапасын арттыруға да әсер етеді.
Алдағы уақытта бұл мәселелерді шешу үшін тұрақты жұмыстар атқарылады.