Өткен аптаның сенбісінде аудан орталығындағы Абылайхан атындағы орталық алаңда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Тұрғындарға жеңілдетілген бағада тұрмыстық тауарларды ұсыну мақсатында өткізілген жәрмеңке сөрелеріне ет-сүт өнімдері, тары-талқан мен көкөністер қойылды.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесіне Ұланбел, Қарабөгет, Қылышбай, Мойынқұм, Жамбыл, Қызылотау ауылдық округінің шаруалары сиыр етін алып келсе, Қызылтал мен бірліктік шаруалар қой етін тұтынушыларға ұсынды. Сонымен қатар Тараз қаласынан келген жеке кәсіпкер «Азамат» қымыз, шұбат, қаймақ, құрт, ірімшік сияқты сүт өнімдері мен тары талқанын, мойынқұмдық «Дамир» жеке кәсіпкерлігінің атынан Жамбыл Бекбосынов көкөністерін саудалады.
– Бұл жәрмеңке ауыл тұрғындарына азық-түлікті арзан бағада ұсыну мақсатында жүйелі түрде өткізіліп келеді, мұндағы тауарлар әдеттегіден 30 пайызға дейін төмендетіліп сатылуда. Алдағы уақытта да мұндай жәрмеңкелер жиі өткізілетін болады, — деді Мойынқұм ауылдық округінің әкімі Рүстем Тұрарқұл.