Мойынқұм таңы

Бала тәрбиесі – мектеп пен ата-ананың бірлескен жауапкершілігі

0 9

М.Жұмабаев атындағы мектеп-ли­цейінде маңызы зор ата-аналар жи­налысы өтті. Жиынның негізгі тақырыбы — жасөспірімдер арасындағы кибербуллинг пен қатыгездік мәселелері болды.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Төлеулиев, аудандық ар­дагерлер, қоғамдық кеңестерінің төра­ғалары Жұманазар Көдеков пен Сағынғали Аманов, сондай-ақ мектеп директоры Шыңғыс Жашаралин және мектеп ұжымы мен ата-аналар қатысты.

Кездесу барысында жасөспірімдер ара­сындағы құқықбұзушылықтың сал­дары, оның алдын алу жолдары және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі жайлы жан-жақты сөз қозғалды. Қоғам өкілдері жасөспірімдер тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді көтеріп, ұрпақ тәрбиесіне тек мектеп емес, ата-ана, қоғам болып жұмыла жұмыс атқару қажеттігін баса айтты.

Сонымен қатар, жиналыс барысында ата-аналар өзекті әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерге де назар аудартты. Атап айтқанда:
•мектеп пен мектеп асханасына күрделі жөндеу жүргізу;
•мектеп маңына жарық шамдарын орнату;
•жаяу жүргіншілер жолын салу;
•қаңғыбас иттер мәселесін шешу туралы ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Бұл мәселелер тиісті мекемелер мен жергілікті билік өкілдерінің назарына ұсынылып, бақылауға алынатыны ай­тылды.

Жиын қорытындысында ата-аналар мен мектеп әкімшілігі бала тәрбиесінде бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығын тағы бір мәрте атап өтіп, өзара тығыз байланыста болуға уағдаласты.

Дәл осындай ата-аналар жиналысы ауданымыздың барлық мектептерінде болды.