Мойынқұм таңы

Бастауыш партия ұйымдарының облыстық форумы өтті

0 24

Наурыз айының 29-ы күні М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің М.Үркімбаев атындағы «Жастар сарайында» «AMANAT» партиясы бастауыш ұйымдарының қызметін жандандырудың тиімді жолдары мен тетіктерін талқылау мақсатында бастауыш партия ұйымдарының Жамбыл облыстық форумы өтті.

Форумға «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Ынтықбайұлы Бейсенқұлов, облыс әкімдігі басқармаларының басшылары, партия ардагерлері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, облыс бойынша бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері қатысты.

Форумның бірінші кезеңінде Жамбыл облысы бойынша «AMANAT» партиясы бастауыш партия ұйымдарының алдына қойылған міндеттері мен мақсаттары туралы айтылып, өңірлердегі БПҰ жұ­мысы тыңдалды. Сонымен қатар, БПҰ төрағалары мен партия белсенділері Алғыс хаттармен марапатталды.
Сондай-ақ, алқалы панельді сессиялар арқылы жалғасын тауып БПҰ төрағалары облыс әкімдігі басқармаларының өкіл­деріне сұрақ қою арқылы, өзара пікір алмасты.

Одан кейін бастауыш партия ұйым­дарының төрағаларының бой­ларындағы түрлі дағдыларын дамыту бойынша се­минарлар ұйымдастырылды.
Аталмыш іс-шараға «AMANAT» пар­тиясының аудандық филиалының тө­рағасы Манарбек Көшкімбаев бастаған ауданымыздың бірқатар бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен партия мүшелері делегат болып, қатысып қайтты.