ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен Мойынқұм ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл тұрғындары үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында туындаған сұрақтарына аудан әкімдігі бөлімдері мен аудандық полиция бөлімі тарапынан ұсынылатын қызмет түрлері бойынша кеңес алу мақсатында жәрмеңке ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеде аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы, денешынықтыру және спорт, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдері мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді электронды түрде (egov.kzмобильді қосымшасы арқылы, www.egov.kz порталы арқылы) алудың артықшылықтары жөнінде кеңестер беріп, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.