Мойынқұм таңы

Батыр аналар марапатталды

0 22

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәбит Төлегенов көп балалы аналарды қабылдап,«Алтын» және «Күміс» алқалар табыстады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 20 маусымдағы №582 Жарлығына сәйкес, Қарабөгет ауылының тұрғыны Абдигарипова Балжан Сағындыққызы «Алтын алқа» иесі атанса, тағы бір қарабөгеттік көп балалы ана Альменова Лиза Бауыржанқызы мен Шығанақ ауылынан Мұхамбедиева Анар Еркінқызы «Күміс алқамен» марапатталды. Еліміздің демографиясына лайықты үлес қосып отырған аудандағы батыр аналарға ақжарма тілегі мен алғысын жеткізген Сәбит Орынбетұлы аналардың иығына ақ жаулық жауып, естелікке суретке түсті.