Мойынқұм таңы

Бейбіт елдің көк байрағы

0 30

Елімізде жастарды бір арнаға бұрып, жұмыссыздықпен күресіп, түрлі адами қасиеттердің қоғамда бүр жаруына себепші болып жүрген жастар ұйымдары жетерлік. Солардың бірі әрі бірегейі әр өңірден құрылған Жастар ресурстық орталықтары. Біздің ауданда да аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» атқарып жатқан ісі ауқымды.

Республика күніне орай «Мойынқұм» мейрамханасында аудан жастары арасында «Бейбіт елдің көк байрағы» атты интеллектуалды зияткерлік сайыс өтті.
Зияткерлік ойынның мақсаты жастар арасында интеллектуалды ойынды жандандыру, еліміздің тарихы мен мәдениетін терең білуге тәрбиелеу және бәсекеге қабілетті зияткер жастарды калыптастыруга үлес қосу болып табылады.
Аталмыш сайыста 15 команда бақ сынап, жүзден жүйріктер анықталды. Аудандық білім бөлімі орта білім беру ұйымдарынан қатысқан жастар өздерінің білімдерін ортаға салды.

Әділқазылар алқасының ұйғаруымен Жамбыл атындағы мектеп гимназиясының «BAS» командасы I орын, М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің «Жұмабаев жастары» командасы мен Шығанақ орта мектебінің «Тарих толқыны» командасы II орынды, Ә.Төлепбергенов атындағы орта мектебінің «Үкілім-ай» командасы III орын­ды иеленді.

Сайысқа әділқазылық еткен аудандық «Мойынқұм таңы» газеті редакциясының бас редакторы Елдос Ерғаблыұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Айжан Дүзелбайқызы сөз алып, сайысты ұйымдастырған «Жастар» ресурстық орталығының директоры Мәди Күнтуге ризашылығын білдіріп, барлық командаларға аудан әкімінің арнайы дипломдарымен, ақшалай сыйлықтарын табыс етті.